❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
ESC жабу үшін

АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ: ӨЗБЕКСТАНДЫҚ ҒАЛЫМДАР УНИВЕРСИТЕТІМІЗДЕ

  • 19.02.2026
  • KZ
  • 61

image

Университетімізде академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Өзбекстандық ғалымдарды қабылдау және тәжірибе алмасу жұмыстары жүзеге асуда.

Бухара мемлекеттік медицина институты ғалымдары Медицина факультетіне арнайы іссапармен келді. Бұл сапар – қос университет арасындағы меморандум негізінде ұйымдастырылды.

Атап айтқанда, медицина ғылымдарының докторы, профессор Муслима Абдуллаева, Психиатрия, наркология және медициналық психология кафедрасының доценті Хакикат Мухторова, Ішкі аурулар және отбасылық медицина кафедрасының доценті Любат Саидова студенттерге дәріс оқып, семинарлық және практикалық сабақтар өткізді. 

 Сонымен қатар, Бухара мемлекеттік медицина институтының Балалар аурулары және балалар неврологиясы кафедрасының профессоры Мавлюда Артыкова да дәріс оқуда. Қонақ оқытушылар студенттерге заманауи медицинаның өзекті мәселелері бойынша теориялық білім беріп, клиникалық тәжірибеге негізделген практикалық сабақтар жүргізіп жүр.

Сапар барысында заманауи оқыту әдістері таныстырылып, ғылыми зерттеулер нәтижелері талқыланды. Медициналық білім берудегі озық бағыттар бойынша тәжірибе алмасу жүзеге асырылды.

Сондай-ақ, академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Низами атындағы Өзбекстан ұлттық педагогикалық университетінің ғалымдары Теология факультетінде дәріс оқыды. «Руханият негіздері және құқықтық білім беру» кафедрасының оқытушылары –Хайитбой Холмирзаев, Якитжан Кадирова, Мархабо Собирова және Халима Кадирова студенттерге «Философия» пәні бойынша семинарлық сабақтар жүргізді.  

Бұдан бөлек, Абу Али ибн Сино атындағы Бухара мемлекеттік медицина институты өкілдері де Медицина факультетінде тағылымдамадан өтуде. Бағдарлама аясында PhD, доценттер Мехринисо Исматова, Гулчехра   Ражабова және DSc., доцент Замира Бабаджанова «Ішкі аурулар» және «Арнайы клиникалық пәндер» кафедраларында тәжірибе алмасып, профессор-оқытушылар құрамымен бірлескен ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыстар жүргізуде. Сонымен қатар, студенттерге дәрістер оқып, практикалық сабақтар ұйымдастыруда.

 Академиялық ұтқырлық бағдарламалары факультеттерде білім беру сапасын арттыруға, халықаралық ғылыми байланысты нығайтуға және бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға бағытталған. Мұндай ынтымақтастық университетіміздің халықаралық беделін арттырып, білім кеңістігін кеңейтуге қызмет етеді.