❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
ESC жабу үшін

СТУДЕНТТІК СПОРТ ЛИГАСЫ: СПОРТШЫЛАРЫМЫЗ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЕЗЕҢГЕ ЖОЛДАМА АЛДЫ

  • 23.04.2026
  • KZ
  • 331

image

Оқу ордамызда ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ұйымдастыруымен ЖОО студенттері арасында өткен оңтүстік аймақтық «Студенттік спорт лигасы» өз мәресіне жетті.

Сайыстың мақсаты – жастар арасында спорт мәдениетін қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ халықаралық ареналарда еліміздің намысын қорғайтын білікті спортшылар қатарын арттыру.

Спорттық додаға Түркістан, Тараз, Қызылорда облыстары мен Шымкент қаласындағы жоғары оқу орындардың студенттері қатысып, өзара бақ сынасты. 

Осылайша 15 университеттің спортшылары 7 спорт түрінен өзара мықтыны анықтады. 

Айта кетейік, спорттық сайыстардың 5 түрі оқу ордамыздың спорттық базасында өтті. Оқу орнымыз тоғызқұмалақ, қазақ күресі, баскетбол, теннис және футзал сайыстарын қабылдады. Жарыстарды Спорт-сауықтыру орталығы ұйымдастырды. 

Аймақтық бәсекеде университетіміздің студенттері бірқатар спорт түрлерінен жүлделі орындарға ие болды. Нәтижесінде, мамыр айында өтетін республикалық кезеңге 5 спорт түрі бойынша жолдама алды. Атап айтқанда, тоғызқұмалақ, шахмат, қазақ күресі (ұлдар және қыздар), баскетбол (ұлдар және қыздар), волейбол (қыздар құрамасы) бойынша спортшыларымыз финалдық кезеңде бақ сынайды.

Жеңімпаз студенттерімізді шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы республикалық додада да оқу ордамыздың намысын абыроймен қорғап, жоғары нәтижелерге қол жеткізеді деп сенеміз.