❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
ESC жабу үшін

УНИВЕРСИТЕТІМІЗДЕ АЛҒАШ РЕТ «ECO-ПИКНИК + MINDFULNESS» ШАРАСЫ ӨТТІ

  • 24.04.2026
  • KZ
  • 261

image

Елімізде алғаш рет «Таза Қазақстан» акциясы аясында Хантағы тау бөктерінде «Eco-пикник + mindfulness» – студенттердің экологиялық және психологиялық мәдениетін дамытуға бағытталған экскурциялық-рухани шара өтті.

Аталған экскурцияға оқу ордамыздағы психолог маманның қызметіне жүгініп жүрген бір топ студенттер мен оқытушылар қатысты.

Шараны университет басшылығының қолдауымен «Әлеуметтік-мәдени жұмыстарды ұйымдастыру және психологиялық қолдау көрсету» бөлімі ұйымдастырды.

Басты мақсат – білім алушылардың психоэмоционалдық жағдайын тұрақтандыру. Табиғатпен үйлесімді қарым-қатынас қалыптастыру. Экологиялық мәдениетті арттыру. Сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау.

Рухани шара барысында идея авторы «Әлеуметтік-мәдени жұмыстарды ұйымдастыру және психологиялық қолдау көрсету» бөлімінің басшысы Элмира Үсенқызы сөз сөйлеп, жастардың психологиялық саулығы мен экологиялық санасын қалыптастырудың маңызын атап өтті.

Экскурция кезінде студенттер психолог мамандардың жетекшілігімен mindfulness, тыныс алу және танысу жаттығуларын табиғат элементтерімен байланыстыра отырып орындады. Бұл әдістер қатысушылардың эмоционалдық күйін тұрақтандыруға мүмкіндік берді.

Сонымен қатар, «Табиғатпен байланыс» тренингі аясында «5 сезім әдісін» пайдаланып, бірге позитивті визуализация  жасады.

Eco-пикник барысында қатысушылар экологиялық таза тағамдарды пайдаланып, Zero waste қағидаларын ұстану туралы әңгілесті.

Бұл шарада студенттер табиғатты сақтау мен қорғаудың маңызын терең ұғынып, тау бөктері айналасында тазалық жұмыстарын жүргізді. Әрі табиғат аясында атқа мініп, қызықты спорттық ойындар ойнады. Уақытты мазмұнды әрі тиімді өткізді.

Аталған шара студенттердің экологиялық жауапкершілігін арттырып қана қоймай, олардың ішкі тыныштығын табуына ықпал етті.

Табиғат аясындағы ерекше форматтағы шара білім алушылардың психологиялық саулығын қолдау мен экологиялық мәдениетін қалыптастыруда тиімді алаң болып, тағылымға толы әрі танымды сапар ретінде есте қалды.