❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
ESC

«YASAWI SCHOOL CUP V» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИРІ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

  • 27.04.2026
  • KZ
  • 859

image

Оқу ордамызда өткен «YASAWI SCHOOL CUP V» атты 11-12 сынып оқушыларына арналған дәстүрлі республикалық турнирі өз мәресіне жетті. 

 

Сайыстың мақсаты – оқушылардың сыни ойлау қабілетін дамыту, олардың шешендік өнері мен аргументтік талдау дағдыларын жетілдіру, сондай-ақ түрлі әлеуметтік және қоғамдық тақырыптар бойынша ашық әрі мәдениетті пікір алмасу қабілетін қалыптастыру. 

 

Сонымен қатар, оқушылардың өзіндік көзқарасын еркін жеткізуіне мүмкіндік беріп, білімге деген қызығушылығын арттыру және дарынды жастарды анықтап, қолдау көрсету.

 

2 күнге созылған турнирге Түркістан, Қызылорда, Шымкент және Тараз қаласы сонымен қатар, Отырар , Жуалы ауданы мен Қарнақ ауылынан 31 фракция, 62 оқушы қатысты. 

 

Сайыс барысында үздік нәтиже көрсеткен қатысушыларға алғыс хаттар мен университетіміздің брендтелген өнімдері табысталды.

 

Турнирде жүзден жүйрік атанып, жүлделі 1-орын және 100% тегін оқу сертификат иеленгені үшін Шымкент қаласының “Қорғансыздың күні” фракциясы мүшелері Диана Туленбек пен Ислам Бейсенғали марапатталды. 

 

Ал «Ең үздік спикер» номинациясын және 100% тегін оқу сертификатын Шымкент қаласының өкілі Әлібек Байырбек иеленді.


Барша жүлдегерлерді марапатымен құттықтай отырып,  алдағы оқу жылында толағай табыс пен сәттілік тілейміз!