❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
ESC жабу үшін

БОЛАШАҚ АКТЕРЛЕР «117 ПӘТЕР» ҚОЙЫЛЫМЫН КӨПШІЛІК НАЗАРЫНА ҰСЫНДЫ

  • 30.04.2026
  • KZ
  • 447

image

Бүгін университетіміздің Мәдениет орталығында болашақ актер студенттер «117 пәтер» атты драмедиялық спектакльді сахналады.

Аталған қойылымды Өнер, медиа және дизайн факультетінің «Орындаушылық өнер» кафедрасының 6В02123 – Актерлік өнер білім беру бағдарламасының 2 курс студенттері көпшілік назарына ұсынды.

Спектакльдің режиссері, курс жетекшісі – ҚР Мәдениет саласының үздігі, аға оқытушы Асылзат Ибраева.

Қазыбек Аманжолдың «117 пәтер» атты драмедиялық шығармасы 2019 жылы көрерменге жол тартып, бірден жастар арасында кең танымалдыққа ие болды.

Қойылым мазмұны әртүрлі кезеңде бір пәтерде өмір сүрген бірнеше отбасының тағдырына негізделген. 

Әр отбасының өзіне тән проблемасы, драмасы, махаббаты мен сатқындығы бейнеленсе, сол пәтердегі көзге көрінбейтін үй иесі – осы оқиғалардың бәрінің үнсіз куәсі ретінде көрініс табады.

Сахнада өнер көрсеткен студенттердің шеберлігі мен таланты жиналған қауымды тәнті етіп, көрермендер тарапынан зор қошеметке ие болды.

Спектакль соңында Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі вице-ректор Еділ Төлегенов жас өнерпаздарға алғысын білдіріп, шығармашылық табыс тіледі.