❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
ESC

ЖАС КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ҚОЛДАУ: «DEMO DAY» ШАРАСЫ ӨТТІ

  • 19.05.2026
  • KZ
  • 377

image

Оқу ордамызда Коммерцияландыру офисінің YASSAWI-инкубатор бағдарламасы аясында «Demo day» іс-шарасы өтті.

 

Жиынның  мақсаты – «YASAWI STARTUP» бизнес-инкубациялық бағдарламасының қатысушыларына оқу барысында қол жеткізген нәтижелерін таныстырып, өз стартап жобаларын сарапшылар алдында қорғауға мүмкіндік беру. 

 

Сонымен қатар, жас кәсіпкерлердің идеяларын қолдауға мүдделі әлеуетті инвесторлар мен серіктестерге арнайы алаң ұсыну, қатысушылардың сала мамандарымен және кәсіпкерлермен байланыс орнатуына жағдай жасау.

 

Айта кетейік, бағдарлама аясында қатысушылар 12 апта бойы білім алып, стартап жобаларын дамыту бағытында жұмыс жүргізді.  Арнайы семинарлар мен практикалық сабақтарға қатысып, жеке бизнес-трекерлермен де тәжірибе алмасты.

 

Сарапшылар қатарында CMTIS компаниясының вице-президенті, Business Consultant & Project Manager Асқар Абубәкірұлы, Түркістан облыстық, Жастар ресурстық орталығы басшысының орынбасары Дінислам Нартайұлы, Жастар Рухы Жастар Қанатының Түркістан облыстық филиалының басшы орынбасары Мырзабай Болатұлы, Атамекен кәсіпкерлік палатасының бірінші санаттағы сарапшы маманы Гүлдана Абданқұл, «ALLO PIZZA» жылдам тамақтану желісінің, «Rakhat Group» компаниясының негізін қалаушы Бекмырза Төлбасы және жеке кәсіпкер, «Magic Day» негізін қалаушы Гүлзада Рахманберді болды. 

 

«Demo Day» барысында білімді жастар өздерінің тың жобаларын таныстырды. Жоба қатарында экологиялық, технологиялық және креативті бағыттағы стартаптар да көпшілік назарына ұсынылды.

 

Қатысушылар өз идеяларының артықшылықтары, мақсатты аудиториясы және болашақ мүмкіндіктері жөнінде кеңінен баяндады.

 

11 стартап жобаның ішінен 9 команда сарапшылардың шешімімен өз жобаларын сәтті қорғап, бағдарламаны толық аяқтап, арнайы сертификаттармен марапатталды. 

 

«Demo Day» стартап жобаларды қорғау күні аясында қатысушылар өз жобаларының инновациялық ерекшеліктерін, технологиялық мүмкіндіктерін және нарықтағы маңызын жоғары деңгейде таныстырды.

 

Сарапшылар ұсынылған жобаларға оң баға беріп, қатысушылардың бастамалары мен идеяларына ерекше қызығушылық танытты. 

 

Сонымен қатар, сарапшылар мен серіктестер тарапынан командаларға алдағы уақытта ынтымақтастық орнату, жобаларды бірлесіп дамыту және менторлық қолдау көрсету жөнінде ұсыныстар қарастырылды. 

 

Іс-шара жас кәсіпкерлердің стартап экожүйедегі белсенділігін арттырып, инновациялық жобаларды қолдау мен дамытуға айтарлықтай серпін берді.