❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
ESC

ҚАЖЫБЕК БЕКБОСЫНОВТЫ ЕСКЕ АЛУ КЕШІ ӨТТІ

  • 20.05.2026
  • KZ
  • 317

image

Бүгін оқу ордамызда қазақтың дәстүрлі ән өнерінің дарабозы, Қазақстанның халық әртісі, «Құрмет» орденінің иегері Қажыбек Бекбосыновты еске алуға арналған кеш өтті. Өнерім – өмірім деп өткен дәстүрлі әнші көзі тірі болса, 80 жасқа толар еді.

Тағылымды шараны «Өнер, медиа және дизайн» факультетінің «Орындаушылық өнер» кафедрасы ұйымдастырды. Кешке әншінің көзін көрген әріптестері, шәкірттері, факультет оқытушылары мен студенттері қатысты. 

Кештің негізгі мақсаты – өнер иесінің өмір жолын, шығармашылығын насихаттау және жас ұрпаққа ұлттық өнердің құндылығын дәріптеу.

Қазақстанның Халық әртістері Ғарифолла Құрманғалиев, Жүсіпбек Елебековтен тәлім алған Қажыбек Бекбосынов 2004 жылы оқу ордамызға келіп, өмірінің соңғы күндеріне дейін абыройлы қызмет етті.

Әуелі дәстүрлі өнерде өзіндік орны бар Қажыбек Бекбосыновқа құран бағыштады. Әншінің өмірі мен шығармашылық жолы туралы естеліктерге толы бейнероликті көрсетті. 

«Өнер, медиа және дизайн» факультетінің ұжымы ұлы тұлғалардың мектебінен дәріс алған әншінің өнері мен ұстаз ретіндегі тағылымы туралы ойларын ортаға салды. 

Іс-шара барысында өнер иесінің алғашқы шәкірттері Бөкенбай Жұмаділлә, Рүстемов Аязбек Қажыбек Бекбосыновтың қазақтың дәстүрлі ән өнеріне қосқан зор үлесін кеңінен айтып, оның орындаушылық шеберлігі мен өнегелі ғұмыры туралы естеліктерін бөлісті. 

Сондай-ақ, Аязбек Рүстемов университет кітапханасына және «Өнер, медиа және дизайн» факультетіне кітаптарын сыйға тартты.

Шара барысында шәкірттері мен жас өнерпаздар «Гүл гүл жайна», «Майраның аты – Майра» әндерін шырқады. «Балбырауын» күйін орындады. Рухани кеш әсерлі атмосферада өтті.