❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
ESC

ТҮРКІСТАНДА ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІ ҰЙЫМЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МИНИСТРЛІКТЕРІ КОМИТЕТІНІҢ XI ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

  • 07.06.2026
  • KZ
  • 362

image
Бүгін Түркістан қаласында Түркі мемлекеттері ұйымына (ТМҰ) мүше елдердің Білім беру министрліктері жоғары лауазымды тұлғалары комитетінің XI отырысы өтті.
 
Халықаралық кездесудің негізгі мақсаты – түркі мемлекеттері арасындағы білім және ғылым салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту, бірлескен жобаларды жүзеге асыру және озық тәжірибе алмасу.
Отырыс барысында ТМҰ-ға мүше мемлекеттердің өкілдері білім беру жүйесін жетілдіру, академиялық ұтқырлықты дамыту, жоғары білім мен ғылым салаларындағы өзара ықпалдастықты кеңейту мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, тараптар білім беру кеңістігіндегі ортақ бастамалар мен перспективалық жобаларды іске асыру бағытында пікір алмасты.
Айта кетейік, 2026 жылғы 8 маусымда Түркістан қаласында Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Білім беру министрлерінің IX отырысы өтеді.
Алқалы жиынға Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің орынбасары Шынар Ақпарова, Түркия Республикасының Ұлттық білім министрі Юсуф Текин, Түркия Жоғары білім кеңесінің төрағасы Ерол Өзвар, Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы Кубанычбек Өмірәлиев, Әзербайжан Республикасының ғылым және білім министрі Эмин Амруллаев, Қырғыз Республикасының білім министрі Догдуркүл Кендірбаева, Қырғыз Республикасының ғылым, жоғары білім және инновациялар министрінің орынбасары Дұрыс Көзуев, Өзбекстан Республикасы Жоғары білім, ғылым және инновациялар министрінің бірінші орынбасары Сардор Раджабов және басқа да ресми делегация өкілдері қатысады.
Ертеңге жоспарланған Министрлер отырысы аясында қатысушы мемлекеттердің білім және ғылым салаларындағы өзекті мәселелері қаралып, өзара ынтымақтастықты дамытуға бағытталған бірқатар маңызды құжаттарға қол қою жоспарлануда.