❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
ESC

ҚАЗІРГІ ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ: ӨЗГЕРІСТЕР, ТЕНДЕНЦИЯЛАР, ПАРАДИГМАЛАР» АТТЫ ҒЫЛЫМИ СЕМИНАР

  • 12.04.2026
  • KZ
  • 92

image

12 сәуір – Ғылым қызметкерлері күніне орай университетімізде Түлектер қауымдастығының ұйымдастыруымен «Қазіргі филология ғылымының жай-күйі: өзгерістер, тенденциялар, парадигмалар» атты ғылыми семинар өтті. Іс-шараға Қазақстанның және шетелдің жетекші ғалымдары, жоғары оқу орындарының оқытушылары, жас зерттеушілер мен студенттер қатысты.

Семинардың негізгі мақсаты – қазіргі филология ғылымының даму бағыттарын, өзекті мәселелері мен жаңа ғылыми парадигмаларын талқылау, сондай-ақ қазақ филологиясының көрнекті өкілі, филология ғылымдарының докторы, профессор Мекемтас Мырзахметұлының ғылыми мұрасын насихаттау және еске алу болды.

Жиынды Филология кафедрасының меңгерушісі Жазира Исаева ашып, қатысушыларды ғылыми мерекемен құттықтап, семинар жұмысына сәттілік тіледі. Семинар барысында филология ғылымының заманауи даму үрдістері, тіл білімі мен әдебиеттану салаларындағы жаңа ғылыми бағыттар, қазіргі зерттеу әдіснамалары мен өзекті мәселелер кеңінен талқыланды. Қатысушылар ғылыми баяндамалар жасап, өзара пікір алмасты. Мазмұнды өткен ғылыми семинар ғылым мен білім саласындағы тәжірибе алмасуға мүмкіндік беріп, филология ғылымының бүгінгі даму деңгейі мен болашақ бағыттарын саралауға ықпал етті.