Бүгін оқу орнымыздың Өкілетті Кеңесінің 81-мәжілісі өтті.
Түркияда өткен жиынға Өкілетті Кеңес Төрағасы, профессор Мухиттин Шимшек, Қазақстанның Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов, Түркия Республикасының Мәдениет және туризм вице-министрі Сердар Чам, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков, Қазақстан Қаржы министрлігі Әлеуметтік сала бюджеті департаментінің директоры Жанар Алдасугурова мен университет ректоры Жанар Темірбекова қатысты.
Мәжілісте университет Ректоратының 80-мәжілістен кейінгі кезеңде атқарылған жұмыстар жөніндегі есебі тыңдалды. Сонымен қатар 2026–2027 оқу жылына күндізгі оқу түрі бойынша бакалавриат пен магистратура бағдарламаларына қабылданатын студенттер контингенті мен квота орындарының үлестірілуіне қатысты Ректорат ұсыныстары талқыланды.
Бұған қоса, университет қызметінің түрлі бағыттарына қатысты Ректорат ұсыныстары қарастырылды.
Өкілетті Кеңес мүшелері университеттің халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін арттыру, білім беру мен ғылым саласындағы заманауи талаптарға сай дамуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарға оң баға беріп, бірқатар ұсыныстарын білдірді.
Қазақстанның Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов пен Түркияның Мәдениет және туризм вице-министрі Сердар Чам университетімізді заман талаптарына сай дамыту мақсатында имидждік жане жаңғырту бағытындағы жұмыстарға ерекше мән беру қажет екенін атап өтті.
Мәжіліс қорытындысында университеттің стратегиялық дамуына, академиялық әлеуетін күшейтуге және халықаралық ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге бағытталған маңызды шешімдер қабылданды.