ТҮЛЕКТЕРГЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАУ РӘСІМІ БАСТАЛДЫ
Оқу ордамызда 2025-2026 оқу жылының бітіруші түлектеріне диплом табыстау рәсімі басталды.
Қазақстан мен Түркияның ынтымақтастығы негізінде құрылған оқу ордамыз алғашқы түлектерін 1995 жылы үлкен өмірге қанат қақтырған болатын. Биыл оқу орны 32-ші рет түлектерін үлкен өмірге шығарып салуда.
Салтанатты рәсім барысында университет басшылығы түлектерді өмірлеріндегі маңызды белеспен құттықтады.
Диплом табыстау рәсімі – бірнеше жылдық табанды еңбек пен ізденістің жемісін қорытындылайтын, әрбір түлек үшін ерекше мәнге ие айтулы күн. Жаңа мүмкіндіктерге жол ашып, кәсіби өмірге бастайтын маңызды кезең.
Айта кетейік, түлектерге диплом табыстау рәсімі 3 шілдеге дейін жалғасады.
Университет ұжымы атынан барша түлектерге жарқын болашақ, кәсіби табыс пен толағай жетістіктер тілейміз!