❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
P

АК МӘЖІЛІСІ: БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ДАМЫТУ ЖӘНЕ САПАНЫ АРТТЫРУ

  • 30.10.2026
  • KZ
  • 182

image

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Білім беру және гуманитарлық зерттеулер факультетінде Академиялық комитеттің (АК) мәжілісі өтті.

Жиынды ұйымдастырушылар – Мектепке дейінгі және бастауышта білім беру кафедрасының меңгерушісі М. Сұлтанбек және Академиялық комитет төрағалары Г. Абдуллина мен А. Жумадуллаева.

Мәжіліске факультет деканы Э. Зұлпыхарова мен декан орынбасарлары, Әдістемелік жұмысты ұйымдастыру бөлімінің басшысы Е. Шахабаев және орынбасары Қ. Полатбекова, кафедраның профессор-оқытушылар құрамы, Академиялық комитет мүшелері және сыртқы сарапшылар қатысты.

Сыртқы сарапшылар қатарында Ататүрік атындағы №17 мектеп-гимназия, Ж. Тәшенов атындағы №23 IT мектеп-лицей, М. Әбенова атындағы және Т. Бигелдинов атындағы №16 жалпы білім беретін мектептердің директорлары, сондай-ақ «Балдырған», «Ертөстік», «Айгөлек» бөбекжай-балабақшаларының меңгерушілері және басқа да білім беру ұйымдарының өкілдері болды.

Күн тәртібінде АК жұмысын ұйымдастыру, тиісті ережелермен танысу және 2026–2027 оқу жылына арналған білім беру бағдарламаларын дамыту жоспарын талқылау мәселелері қаралды. Жиын барысында білім беру бағдарламаларының мазмұнын жетілдіру, еңбек нарығының талаптарына сәйкестендіру, болашақ педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру, теориялық білім мен практикалық тәжірибенің сабақтастығын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Сыртқы сарапшылар білім беру бағдарламаларын жетілдіруге қатысты кәсіби тәжірибелерімен бөлісіп, ұсыныстарын білдірді.

Жиын соңында кафедра меңгерушісі М. Сұлтанбек мәжіліске қатысушыларды білім беру бағдарламасының ерекшеліктеріне сәйкес жаңадан жабдықталып жатқан шахмат кабинетімен таныстырды.

Мұндай кездесулер университет пен білім беру ұйымдары арасындағы байланысты нығайтып, білім беру бағдарламаларының сапасын арттыруға және болашақ педагогтерді даярлау үдерісін жетілдіруге мүмкіндік береді.