Бүгін университетімізде Тұрақты даму ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен Экономика, басқару және құқық факультетінің қызметкерлеріне Тұрақты даму мақсаттары бойынша ғылыми семинар өтті.
Семинар – Тұрақты даму мақсаттарының: «Кедейлікті жою», «Лайықты жұмыс пен экономикалық өсу», «Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар», «Тұрақты даму үшін серіктестік» тақырыптары аясында жүргізілді.
Басты мақсат – қатысушыларға Тұрақты даму мақсаттары мен бағыттарын түсіндіру. Факультет қызметкерлерінің ғылыми жұмыстарын және ғылыми еңбектерін «Тұрақты даму мақсаттарына» байланыстыра отырып жазу, кілт сөздерді қолдануды көрсету.
Айта кетейік, оқу ордамыздың Тұрақты даму ғылыми-зерттеу орталығы – ғылыми зерттеулер мен жобалар арқылы тұрақты даму мақсаттарын басым мәселе ретінде қарастыру арқылы білім өндіру және әлеуметтік трансформацияны қолдауға бағытталған.
Іс-шара барысында қызметкерлерге әр тақырыптың өзектілігі мен маңызы туралы тың ақпараттар берілді. Қатысушылар ғылыми жұмыстар мен ғылыми еңбек жазу барысында Тұрақты даму мақсаттарының жоғарыда аталған бағыттарымен жұмыс істеуді үйренді.
Жиын соңында қатысушылар өздерін толғандырған сауалдарға жауап алды. Сонымен қатар, өзара пікір алмасып, ойларын ортаға салды.