УНИВЕРСИТЕТІМІЗДІҢ ОҚЫТУШЫСЫ «БОЛАШАҚ» СТИДЕНДИЯСЫНА ИЕ БОЛДЫ

  • 27.12.2024
  • KZ

image

Университетіміздің оқытушы-профессорлары білім алаңында топ жаруда. Кезекті қуанышты жаңалық – Жаратылыстану факультетінің PhD оқытушы, ғылыми жоба жетекшісі Нұрдана Салыбекова «Болашақ» бағдарламасының стипендиясын жеңіп алды.

Жақында ғана Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысында 271 қазақстандық «Болашақ» бағдарламасымен шетелге оқуға жіберілетіні туралы мәлімдеді.

Нақтырақ айтқанда, стипендия иегерлерінің 136 – магистратура, 8 –докторантурада оқиды. Сондай-ақ, 127 азамат тағылымдамадан өтуге жіберіледі.

Айта кетейік, комиссия мүшелері басымдық беріліп отырған мамандықтарға ерекше назар аударды. Яғни, стипендия иегерлерінің 65% – жаратылыстану-техникалық, 35% – әлеуметтік-гуманитарлық бағыттар бойынша білімін жетілдіреді.

Оқу ордамыздың Биология кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD Нұрдана Салыбекова да «Болашақ» бағдарламасы негізінде Northeastern University-не стипендияға ие болды.

Нұрдана Нұртайқызы 1898 жылы негізі қаланған, АҚШ-тағы ең ірі жекеменшік университеттердің бірінде Биотехнология бағдарламасы бойынша магистратурада оқитын болады.

Университетіміздің профессоры Нұрдана Салыбекованы айтулы жетістігімен құттықтай отыра, ғылым жолында сәттілік тілейміз!