УНИВЕРСИТЕТІМІЗ QS SUSTAINABILITY 2026 РЕЙТИНГІНДЕ ЖОҒАРЫ НӘТИЖЕ КӨРСЕТТІ
Университетіміз QS Sustainability 2026 рейтингісінде жоғары көрсеткіштерге ие болды. Жаңа бағалау циклі бойынша әлемдегі 1994 жоғары оқу орны арасынан 1301–1400 позициясын иеленді.
Бұған қоса, аталмыш рейтингте университетіміз Азияның 827 университетінің арасынан 481-орынға ие болды. Ал Қазақстанның 23 жоғары оқу орынының ішінен 9-орыннан көрінді.
Бұл көрсеткіштер университетіміздің ұлттық және халықаралық деңгейдегі орнының одан әрі күшейіп келе жатқанын дәлелдейді.
Рейтингте оқу ордамыздың бірқатар жеке көрсеткіштер бойынша нәтижелері ерекше көзге түсті. Қазақстан бойынша Environmental Research және Health & Wellbeing бағыттарынан 1-орынға, сондай-ақ Impact of Education көрсеткіші бойынша 3-орынға тұрақтады. Университетіміз экологиялық зерттеулерді дамытуға, білім беру сапасын арттыруға және студенттер мен қоғамның игілігіне бағытталған ортаны жетілдіруге үлес қосып келеді.
Университеттің жалпы көрсеткіші 100 ұпайдан 44.7 ұпайды құрайды. Рейтинг құрылымында Governance (64.8), Environmental Education (62.6) және Equality (60.1) бағыттары ең жоғары нәтиже көрсетті. Бұл көрсеткіштер басқару үдерістерінің біртіндеп жетілдірілуін, экологиялық білім беруді жүйелі қолдауды және инклюзивті оқу ортасын қалыптастыруды меңзейді.
Рейтингтегі айтулы нәтижелерді Overall (1301–1400), Environmental Impact, Social Impact және Governance санаттары бойынша берілген QS сертификаттары растайды. Бұл құжаттар университетіміздің халықаралық тұрақты даму көрсеткіштерін бағалау үдерісіне белсенді түрде қатысып келе жатқанын, сондай-ақ оқу орнымызды тәуелсіз сарапшылар мойындап отырғанын дәлелдейді.
Халықаралық рейтинтегі оқу орнымыздың жетістігі құтты болсын! Бұл нәтижелер – оқу орнымыздың білім, ғылым және тұрақты даму бағыттарында атқарып келе жатқан жүйелі нақты көрсеткіші. Оқытушылардың, зерттеушілердің, қызметкерлер мен студенттердің бірлескен қажырлы еңбегінің жемісі. Алдағы уақытта да ортақ мақсат аясында бұдан да жоғары нәтижелерге қол жеткіземіз деп сенеміз.