team
оқытушы Шайхыстамова Мәлике Бердібайқызы

Телефон:
Электрондық пошта:
malika.shaikhystamova@ayu.edu.kz
№:
105

ӨМІРБАЯН

Мен, Шайхыстамова Мәлике Бердібайқызы, 1983 жылы 3 желтоқсанда Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе елді мекенінде дүниеге келгем. Ұлтым – қазақ.

1991 жылы №16 Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп табалдырығын аттап, 2001 жылы үздікке бітірдім.   

2001 жылы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің филология факультетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша оқуға түсіп, 2005 жылы тәмамдап, «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі» біліктігін алдым. 

2007 жылы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Филология мамандығы» бойынша магистратурасына түсіп, 2009 жылы аталған оқу орнын аяқтап, «Филология магистрі» біліктілігі мен академиялық дәрежесін алдым.

2013 жылы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы» бойынша PhD докторантурасына түсіп, 2016 жылы аяқтадым. 

2006 жылы Созақ ауданында №16 Ш.Уәлиханов атындағы орта мектепте Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, 2009 жылы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Қазақстан тарихы» кафедрасында лаборант, 2010 жылы «География» кафедрасында аға лаборант, 2011-2013 жылдар аралығында «Әкімшілік-кадр басқармасында» хатшы, 2016-2023 жылдар аралығында Түркология ғылыми-зерттеу институтында ғылыми қызметкер, қазіргі таңда 2023 жылдан Дайындық бөлімі, Қазақ, орыс тілдері кафедрасында оқытушы болып қызмет атқардым.

Қазақ тілін еркін, сонымен бірге түрік, орыс, ағылшын тілдерін меңгергенмін. Компьютерді жетік білемін. Отбасылымын. Жолдасым, екі ұлым бар. 

Бізге жазыңыз

Төмендегі пішінді толтыру арқылы бізге хабарлама жібере аласыз.