team image
Ошибаева Айнаш Есимбековна

Ғылым және стратегиялық даму вице-ректоры

Телефон:
+7(772) 533-6351
Электрондық пошта:
ainash.oshibayeva@ayu.edu.kz
№:
403

С.Ж. Асфедияров атындағы Қазақ мемлекеттік медицина университетінің емдеу факультетін бітірген.

2003 жылы Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебінде (ҚДСЖМ) қоғамдық денсаулық сақтау мамандығы бойынша екі жылдық ординатураны аяқтады және ҚДСЖМ аспирантурасына оқуға түсті, онда гигиена, эпидемиология және биомедициналық статистика кафедрасында оқыды. Аспирантураны ойдағыдай аяқтап, 2007 жылдан бастап ҚДСЖМ оқу-ақпараттық орталығында алдымен ассистент, одан кейін аға оқытушы болып жұмыс істеді.

Ол денсаулық сақтау жоғары мектебінде дәлелді медицинаны құру және енгізу, клиникалық нұсқаулар мен ұсыныстарды әзірлеу әдістемесі және медициналық технологияларды бағалаудың бастауында тұрды.

2010 жылы 14.00.33 – Қоғамдық денсаулық сақтау және денсаулық сақтау мамандығы бойынша «Алматы қаласының тұрғындарын медициналық-профилактикалық ақпараттық қамтамасыз ету» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғады.

2012 жылдың қаңтарында Денсаулық сақтау жоғары мектебінің биомедициналық статистика, дәлелді медицина және ақпараттық технологиялар кафедрасыныі меңгерушісі болып тағайындалды.

2016 жылдан бастап әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің медицина факультеті деканының орынбасары қызметін атқарды. 2018 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Медицина және денсаулық факультетінің Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебінің директоры болып тағайындалды.

Ошибаева А.Е. көптеген медициналық білім беру бағдарламаларының авторы және үйлестірушісі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да жұмыс істеген кезінде барлық деңгейлер мен мамандықтар бойынша медициналық білім беру бағдарламаларына лицензия алу бойынша қызметті үйлестірді.

Шетелде және Қазақстанда көптеген біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

Ол тәжірибелі зерттеуші, ғылыми қызметкер және үйлестіруші ретінде 15-тен астам ғылыми жобаларға қатысқан. 50-ден астам ғылыми еңбектердің (h-индекс 2), докторларға, магистранттарға және докторанттарға арналған 3 оқу-әдістемелік құралдарының авторы. 2021 жылы қауымдастырылған профессор ғылыми атағын алды.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің (2011) және Білім және ғылым министрлігінің (2017) Құрмет грамоталарымен, 2014 ж. «Денсаулық сақтау үздігі» төсбелгісімен, 2021 ж. «Қазақ ұлттық университетінің дамуына қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды.

Бізге жазыңыз

Төмендегі пішінді толтыру арқылы бізге хабарлама жібере аласыз.