team
доцент PhD., Амирбек Айдарбек Ануарбекулы

Халықаралық қатынастар кафедрасы

Телефон:
+7(725) 336-3636
Электрондық пошта:
aidarbek.amirbek@ayu.edu.kz
№:
430

Түркияның Кония қаласындағы Сельчук университетінің «Экономика және басқару білімдері» факультетінің «Халықаралық қатынастар» мамандығын бітірген. Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Саясаттану магистратурасын үздік дәрежеде бітірген. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери міндетін атқарды. 

Түркия Республикасының Анкара қаласындағы Гази университетінің «Халықаралық қатынастар» мамандығын бітіріп, PhD дәрежесін алған. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің шешімімен 2021 жылғы 21 қаңтардағы №28 бұйрығы негізінде Саясаттану мамандығы бойынша Қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы берілді. 

2001 жылы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Саясаттану» кафедрасында оқытушылық қызметін атқарды.

2003-2007 жылдарда Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Саясаттану» кафедрасында оқытушы әрі кафедра меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарды.

2007-2009 жылдары аралығында Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент бөлімшесінің «Тарих» және «Жаратылыстану»  факультеттерінде тәрбие және оқу-әдістемелік істері жөніндегі декан орынбасары болып қызметін атқарған. 2009-2010 жылдарында «Нұр Отан» партиясының Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының Бастауыш партия ұйымының төрағасы ретінде жұмыс жасады. 

2014 жылдың қыркүйек айынан бастап Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Әлеуметтік ғылымдар факультетінің оқу-ісі жөніндегі декан орынбасары қызметін атқарған. 1 монография, 40-тан аса ғылыми мақала мен 1 оқу құралының авторы.

1-10 маусым 2015 жылдары аралығында Ұлыбританияның Ньюкасл университетінде «Learning and Teaching in Higher Education» атты тақырыпта өткізілген семинарларға қатысып, біліктілікті арттыру сертификатына иеленді.

2015-2016 жылдарында Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Еуразия ғылыми-зерттеу институтының» директор орынбасары, әрі  «Азия Еуропа» ақпараттық-сараптама журналының Бас редакторы болып қызмет атқарған.

2018 жылдың мамыр-2019 жылдың тамыз айлары аралығында Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, «Халықаралық қатынастар» кафедрасының меңгерушісі ретінде қызмет атқарған.

2019 жылдың қыркүйек айынан бастап Silkway халықаралық университетінің Гуманитарлы-экономикалық факультетінің деканы қызметін атқарды.

2020 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында Түркия Республикасы «Шетелдегі түріктер және ағайын қауымдастықтар басқармасының» гранты негізінде Анкара қаласындағы Анкара Хажы Байрам Вели университетінде Халықаралық қатынастар мамандығы бойынша Постдокторантура ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізген.

2020 жылдың қыркүйек айынан қазіргі таңға дейін Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, «Халықаралық қатынастар» кафедрасының меңгерушісі ретінде қызмет атқарған.

2021 жылдың 26-30 шілде аралығында Erasmus+ бағдарламасы аясында Сивас Жумхуриет университетіне барып, біліктілігін арттырып арнайы біліктілікті арттыру сертификатына иеленді. 

ЮНЕСКО-ның 2016 жылды «Ясауи жылы» деп жариялануына және Ахмет Ясауи университетінің 25 жылдығына орай Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Сенатының шешімімен "Ясауи жылы" медалімен марапатталды. 

Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасында дипломатиялық қатынастар орнағанының 20 жылдығына орай Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Елшілігінің алғыс хатымен марапатталды.

 

Бізге жазыңыз

Төмендегі пішінді толтыру арқылы бізге хабарлама жібере аласыз.