Өмірбаян
Балжан Шарханқызы Шархан Түркістан қаласының тумасы. Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде «Менеджмент» мамандығы бойынша бакалавриат, магистратура және PhD докторантура білім беру бағдарламаларын аяқтаған. Еңбек жолын Алматы қаласында «ҚазАгроКапитал» холдингіне қарасты «Интер Фуд Трейд» ЖШС-де бухгалтер-қаржыгер лауазымынан бастады.2008 жылдан бастап мансабын елдің банк жүйесінде, Қазақстандағы ірі жүйе құраушы банктердің бірі — «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Шағын және орта бизнес басқармасының аға несие менеджері лауазымынан бастады. 2011 жылдан бастап ОҚО бойынша ШОБ басқармасының Бас несие менеджері болды. 2011 жылдың тамыз айынан бастап «Forte Bank» АҚ Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Шағын және орта бизнесті несиелеу бөлімінің бастығы лауазымын атқарды. 2014 жылдан бастап «BankKassaNova» АҚ Бизнесті сату басқармасының Аналитигі қызметін атқарып келеді.2019 жылы азаматтарды кәсіпкерлік негіздеріне үйретуге және өз ісін ашуға көмектесуге бағытталған «Бастау Бизнес» мемлекеттік жобасына Шымкент қаласы бойынша бизнес-тренер лауазымына шақырылып, онда «Жас Кәсіпкер» және «Бастау Бизнес» бағдарламалары бойынша 500-ден астам түлекті даярлап шығарды.2021 жылдан бастап Ясауи университетінің «Менеджмент» кафедрасының оқытушысы болып табылады.Балжан Шарханқызы — білікті қаржы сарапшысы, бизнес-талдау саласындағы тәжірибелі маман. Оның жетекшілігімен студенттердің қала мен өңірдегі бизнес өкілдерімен тұрақты кездесулері өткізіледі, сондай-ақ ол студенттермен бірге әлеуметтік-қоғамдық шараларға белсене қатысады. Ғылыми семинарларға жүйелі түрде қатысып, біліктілікті арттыру курстарынан өтіп тұрады.Оның кәсіби мақсаты — тәжірибеге бағытталған білім беруді дамыту, сұранысқа ие мамандар даярлау және бүкіл бөлімшенің жұмыс сапасын жүйелі түрде арттыру.Келесі пәндерден сабақ береді: Қаржылық менеджмент, Шағын бизнес менеджменті, Электрондық коммерцияны басқару, Стратегиялық менеджмент, Логистикалық менеджмент, Бизнес-коммуникациялар, Басқарушылық шешімдер қабылдау, Дағдарысқа қарсы менеджмент.
Оқу ақпараттары:
-
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Магистратура -
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Бакалавр


