


профессор Ғылым кандидаты, Сердәлі Бекжігіт Кенжебекұлы
Бекжiгiт Кенжебекұлы Сердәлi 1960 жылы Түркістан ауданы Үлгілі ауылында туған. 1978 жылы осында орта мектеп бітірген. 1987 жылы ҚазҰУ-де, 2017 жылы АӘИУ-де жоғары білім алған. Еңбек жолын Кентау қалалық «Кентауская правда»-«Кентау правдасы» газетінде бастады. 1987-1996 жылдар аралығында осы газетте қызмет етіп, бас редактор дәрежесіне дейін көтерілді. 2004 жылдан «Amanat» партиясының мүшесі, бірінші шақырылған Кентау қалалық мәслихатының депутаты, 1-ші Республикалық патриоттар форумының делегаты.
1996 жылы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-ға қызметке шақырылды. Осында 1996-2005 жылдар аралығында оқу ісі жөніндегі декан орынбасары, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды. 18 оқу құралының, 30-дан астам оқу-әдістемелік құралдардың, 100-ден астам ғылыми мақалалардың авторы (оның 38-і алыс шетелде, 15-і индекстелетін инфакт-факторлы журналдарда жарияланған, жеке Хирша көрсеткіші – 7). «Қазақстан» ұлттық телеарнасының 50 жылдығына орай өткен бәйгенің 2007 жылғы бас жүлдегері, «ЖОО үздік оқытушысы» грантының иегері 2 мәрте иегері.
«Елім менің» республикалық патриоттық әндер байқауының 3 дүркін лауреаты. Әндері Түркияда, Арменияла, Чувашияда, Қытайда, Моңғолияда, Ресейде, Өзбекстан мен Қырғызстанда кеңiнен танылған. Музыка саласы бойынша Васлей Митта атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты (Чувашия). Дәрібаевтар отбасылық ансамбілінің, Алтынай Жорабаеваның, Досымжан Таңатаровтың, Саят Медеуовтың, Гүлнұр Оразымбетованың, Ардақ Балажанованың, Шаһизаданың, «Нұр-Мұқасан» дуэтінің, Қанат Үмбетов пен Әлия Әбікеннің орындауындағы «Жас жұбайлар», «Неге, неге», «Ризамын», «Ауыл жатыр той жасап», «Текемет», «Түркістаным-Тұраным» сияқты елге танылған әндердің авторы. Әндері Мәскеу қазақтары қауымдастығының демеушiлiгiмен Германияда лазерлi дискiге жазылып, шет мемлекеттерге таралған.
Әндерi топтастырылып, «Әнім – әлемім», «Әндер», «Танымал әндердің тарихы» ән жинақтары Алматыдан басылып жарық көрдi.
2023 жылдан Қазақстан Композиторлар Одағының мүшесі. Әндері «Қазақ радиосының, «Шалқар радиосының» алтын қорларында сақтаулы. 2023 жылдың қорытындысы бойынша «Қазақстан Авторлар қоғамының» ән нминациясы бойынша лауреаты атанды. Астана әндері байқауында «Астанам – асқақ әнім» әні үздік деп танылып, ән жинағына енді.
Б.Сердәлі республикалық «Мирас» руханият қоғамдық кеңесінің мүшесі. Түркiстан қаласы «Түркістаным-Тұраным» Төлұран әнінің авторы.
Шет елден алған салалық марапаттары:
Еуропа ғылыми-өндірістік консорциумының «Primus Inter Pares» ордені (Ресей, 2014); «За заслуги в культуре и искусстве» медалі (Ресей, 2014); «Халықаралық көркемдік кеңес мүшесі» төсбелгісі (2017); «Халықаралық көркемөнерпаздар одағының мүшесі» төсбелгісі (2017); Түркі халықтарының әдебиеті мен өнеріне қосқан үлесі үшін «Алтын медалі» (2018).
Қазақстан Республикасынан алған салалық марапаттары:
1998 жылы халық шығармашылығын дамытуға қосқан үлесi үшiн – «Қазақстан Жастар одағы сыйлығын» иелендi. 2001 жылы Шымкентте өткен «Әуелетсек әуенiн Отанымның» атты патриоттық әндер байқауында бас жүлденi жеңiп алып, «Ең үздiк композитор» номинациясы бойынша лауреат атанды. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрілінің «Мәдениет қайраткерi» төсбелгiсiмен наградталды. Екі мәрте Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың Алғыс хатымен (2019, 2021) марапатталған.
2002 жылғы «Жыл адамы», «Түркістан қаласына сіңірген еңбегі үшін», «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгілерімен, Түркiстан, Кентау қалаларының және Сауран ауданының «Құрметті азаматы». Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың Алғыс хаттарымен (2019, 2022), «Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл», «Қазақстан мәслихаттарына 25 жыл», «Қазақстан мәслихаттарына 30 жыл», «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медальдарымен, ҚР БжҒМ-нің «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері», «Ы.Алтынсарин» төсбелгілерімен марапатталған.