❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи

«АКАДЕМИЯЛЫҚ КӨШБАСШЫЛЫҚ» ТРЕНИНГІ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

  • 23.12.2025
  • KZ
  • 20

image

Университетімізде екі ай бойы жалғасқан «Академиялық көшбасшылық» тренингі өз мәресіне жетті.

Бағдарламаның басты мақсаты – академиялық көшбасшылық мәдениетін дамыту, басқару стилін жетілдіру және ұжым ішінде сенім мен ынтымақтастықты нығайту. 

Қазан айынан бастап әр аптаның сейсенбі күні корпоративтік таңғы ас форматында декандар, департамент басшылары, ҒЗИ директорлары , декан орынбасарлары мен кафедра меңгерушілеріне арналған біліктілікті арттыру және команда құру бағытындағы кездесулер өтті.

Айта кетейік, спикерлер: «Академиялық көшбасшылық», «Қызметкерлерді мотивациялау және эмоционалды интеллект», «Университеттің стратегиялық мақсаттарына ұжымдық үлес», «Командадағы сенім және ынтымақтастық мәдениеті», «Цифрлық трансформация мен жасанды интеллект», «кадемиялық этика және жауапкершілік», «Уақыт пен басымдықты басқару: тиімді менеджердің дағдылары» тақырыптарында тренингтер өтті.  

Қорытынды жиында ректор Жанар Темірбекова әр тақырыптың өзіндік ерекшелігі мен берген жаңа ойы туралы пікірін бөлісті. Тренингтер нәтижесінде қол жеткізген жетістіктер мен жаңа бастамаларға берген тың идеялары туралы айтты.

«Екі айда өткен тренинг-семинарлар позитивті көңіл-күйге толы болды. Бұл жиындар алдағы уақытта да жалғасын табады деп сенемін. Қатысушыларға қашанда қолдау көрсетуге дайынбыз. Декандар мен кафедра меңгерушілері өткен тақырыптарға қайта анализ жасап, жаңа ұсыныстары болса қабылдауға дайынбыз. Әлі көтерілуі керек көптеген маңызды тақырыптар бар. Бүгінге дейін өткен тренингтер берері мол, пайдалы ақпаратқа толы болды деп ойлаймын»,-деді.

Келесі кезекте, ректор тренинг жүргізген спикерлер пен қатысушыларға арнайы сертификаттар табыстады.

Жиын соңында тренингтерге қатысушылар өздерінің алған білімдері мен жаңа ақпараттары туралы айтып, спикерлер мен оқу орда басшылығына ризашылықтарын білдірді.

Осылайша тренингтер барысында қатысушылар академиялық көшбасшылықтың заманауи тәсілдерімен танысып, басқарудағы тиімді коммуникация, командамен жұмыс, стратегиялық ойлау, эмоционалды интеллект пен уақытты басқару дағдыларын жетілдірді. Сонымен қатар, цифрлық трансформация мен жасанды интеллектті білім беру үдерісінде қолдану, академиялық этика мен жауапкершілік қағидаттарын сақтау бағытында жаңа көзқарастар қалыптастырды. Алынған білім мен тәжірибелер оқу ордамыздың тұрақты дамуына және басқару мәдениетін нығайтуға серпін бермек.