❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
team
Ниязова Гулжан Жолаушиевна
Телефон
Электрондық пошта
Ғимарат / Бөлім
Компьютерлік инженерия кафедрасы
213

Өмірбаян

1977 жылы Түркістан облысы, Отырар ауданында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары. Білім беру саласында еңбек өтілі – 25 жыл. 2008 жылдан педагогика ғылымдарының кандидаты (13.00.02 – Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі /информатика, білім беру жүйесін ақпараттандыру/). Диссертация тақырыбы: «Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану – кәсіптік білім мамандығы студенттерінің кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың маңызды элементі», 2011 жылдан доцент (мамандығы: 05.13.00-Ақпараттама, есептеу техникасы және басқару). 

2021-2023 жылдарға арналған AP09259047 «Мұғалімдердің цифрлық құзыреттілігін қалыптастыру - адами капиталды дамыту кілті» атты гранттық жоба жетекшісі болған. 2022-2024 жылдарға арналған №AP14871966 «Болашақ ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мамандарының икемді дағдыларын қалыптастырудың әдістемелік жүйесін әзірлеу» атты гранттық жобаның, 2023-2025 жылдарға арналған №АР19679127 «Жасөспірімдердің цифрлық гигиена дағдыларын қалыптастыру және кибербуллингтің алдын алудың әдістемелік жүйесін әзірлеу» атты гранттық жобаның да зерттеу тобының мүшесі.  2025-2027 жылдарға арналған№AP 26193791 «Жаратылыстану пәндерін оқытуды дербестендіру үшін жасанды интеллектілі геймификациялық цифрлық ортаны әзірлеу мен іске асырудың ғылыми-әдістемелік негіздерін зерттеу» гранттық жобасының жетекшісі. 

Инженерлік-педагогикалық факультеттің оқу, ғылым және тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасары (2008-2013жж.), Инженерия факультетінің Оқу-әдістемелік Кеңес төрағасы (2015-2016жж.), Компьютерлік ғылымдар кафедрасының меңгерушісі (2016-2018жж.) қызметтерін атқарған. 2018 жылдан Компьютерлік инженерия кафедрасы профессоры міндетін атқарушы қызметінде. Г.Ж.Ниязованың ғылыми кеңесшілігімен 4 докторлық диссертация (6D010300-Педагогика және психология мамандығы); 7M01557–Информатика білім беру бағдарламасы бойынша 14 магистрлік диссертация, 7М06127-Информатика білім беру бағдарламасы бойынша 9 магистрлік диссертация табысты қорғалған. h-индексі–5 (https://www.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=55822416800), 100-ден аса ғылыми жарияланымдардың авторы, оның ішінде: монография-3, авторлық куәлік-5, оқу құралы-5, ҒЖБССҚК ұсынған журналдарда-46, шетелдік және отандық конференцияларда-46. Білім беруді ақпараттандыру бағыты бойынша жетекші маман. Ғылыми-педагогикалық қызметі барысында білім беруді ақпараттандыру, ақпараттық жүйелерді жобалау, болашақ мұғалімдердің кәсіби құзыреттіліктерін, коммуникативтік потенциалдарын қалыптастыру, білім берудегі заманауи оқыту технологиялары, цифрлық оқыту орталарын білім беру үдерісінде іске асыру проблемаларын жүйелі зерттеуде. 

 

Дәрежесі

Ғылым кандидаты, Доцент

Оқу орны

  • "Көкмардан" жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекеме
  • М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті
  • Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ
  • Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы

Сертификаттар

  • "Ақпараттық технологиялар бағытындағы жобаларды басқару" (2023 г.)
  • ЖОО-да ғылымды ұйымдастыру саласындағы менеджмент (2023 г.)
  • Зерттеулердің қолданбалы әдістері (2022 г.)
  • Білім берудегі менеджмент (2022 г.)
  • Локальные сети и интернет (2020 г.)
  • Создание электронных интерактивных мультимедийных книг и учебников IBOOKSAUTHOR (2020 г.)
  • Компьютерная математика с Maxima (2020 г.)
  • «Intel «Обучение для будущего»» (2020 г.)
  • Основы разработки электронных образовательных ресурсов (2020 г.)
  • Управление электронным контентом (2020 г.)
  • Открытые образовательные ресурсы (2020 г.)
  • Инклюзивті білім беру (2020 г.)
  • Цифрлық сауаттылық және қашықтықтан оқыту технологияларының негіздері (2020 г.)
  • Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша сабақ беру және бағалау (2020 г.)

Бізге жазыңыз

Төмендегі пішінді толтыру арқылы бізге хабарлама жібере аласыз.